Жалпы білім беретін №9 орта мектепте 27.01-27.02.2020ж.аралығында республикалық «Мектеп асханасы» іс-шаралар акциясы өткізілді. «Мектеп асханасы» іс-шарасын бақылау,қадағалау комиссиясы құрылып,жоспар бойынша жұмыс жүргізді. Іс-шаралар  аясында мектеп жанындағы асхана тазалығы, 1- 4 сыныптар арасында «Көңілді аспаздар» 7-8 сыныптар арасында «Ас-адамның арқауы» кондитерлік өнімдер жәрмеңкесі, 9-10 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану мәдениеті» сауалнамасы, «Асханаға жол!» ашық есік күні, мектеп медбибісі лездемеде «Саламатты өмір сүргің келсе, артық салмақтан арыл!» атты хабарлама оқыды. Сонымен қатар, күнделікті ас мәзірінің ережеге сай дайындалуы, асханадан беріліп жатырған тамақтың сапасы, сақталу мерзімі, тәуліктік  сынамалардың алынуы, аспазшылардың  санитарлық-гигиеналық тазалығы,бракераж  журналын толтыру  мектеп медбибісіне  және мектеп асханасына 1-4 бастауыш сыныппен, атаулы әлеуметтік көмек алатын,аз қамтылған отбасы балаларының кестеге сай, белгіленген уақытта тегін ыстық тамақ ішуін ұйымдастырып,бақылау мектеп әлеуметтік педагогына міндеттелген. Жалпы мектеп бойынша 1-4 сынып аралығында 233 оқушы, АӘК және аз қамтылған отбасы бойынша 42 оқушы, барлығы -275 оқушы мектеп жанындағы асханадан тегін ыстық тамақпен қамтылған.