"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:
2023 жылғы 1 қыркүйек – 2024 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
1 - 11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2023 жылғы 30 қазаннан бастап 5 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2023 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2024 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында).
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.












