«Отаным тағдырым» тақырыбында АӘД пәнінің мұғалімі А.К.Булатовтың ұйымдастыруымен «Алаштың айбыны Бауыржан Момышұлы» бейнесін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында төмендегі жоспар бойынша 10 а,б,  10 д,е орыс сыныптарының қатысуымен конференция өткізілді. Өткізу өзін өзі басқару тәртібімен жоғары деңгейде өтті.

Жоспары:

  1. Кіріспе сөз
  2. Бауыржан Момышұлының тірі кезіндегі дауысын тыңдау
  3. Үнсіздік жариялау
  4. 10 «б» сынып оқушысы Байтанатов Диастың «Бауыржан Момышұлы - өмірі мен қызметі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды
  5. 10 «е» сынып оқушысы Рахимова Назеркенің  Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерліктері мен жазбалары туралы баяндама тыңдалды.
  6. Бауыржан Момышұлының жазба естелік өлеңдерінен үзінділер оқылды.
  7. Өсиет болар сөздері тыңдалды
  8. Видеоролик соғыстағы қазақ жауынгерлері көрсетілді.

Шара соңы «Қазақ жігіттері» әнін айтып,қорытынды жасалды.