Қазақстан Республикасы                                               Коммунальное государственное     

Атырау облысы Жылыой ауданы                                 учреждение  «Общеобразовательная     

  Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің                        средняя   школа №9»

 «№9 жалпы орта білім беретін мектеп»                      Государственного учереждения

   коммуналдық мемлекеттік мекемесі                       «Отдел образования Жылыойского районо»

                                                                                             Атырауской области Республики Казахстан      

                              ХАТТАМА                                                                    ПРОТОКОЛ

   ______15 мамыр___2019ж______№2

     Құлсары қаласы                                                                             город Кульсары

 

 

 №9 жалпы орта білім беретін мектепте 15.05.2019ж. өткен мектепішілік

 Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының хаттамасы    

№2                               

Күні: 15.05.2019, сағ 17:30

Қатысқан ата-ана саны- 278

Қатысқан сынып жетекшілер – 58

Жиналыс төрағасы – Мектеп директоры Ш.А.Ағниязова

Жиналыс хатшысы – Мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары А.Беккулиева

Қатысқан қонақтар: қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар қоғамдық кеңес мүшелері,

мектеп инспекторы, мектеп мейірбикесі т.б

Күн тәртібінде:

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылдың  14 қаңтардағы  «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығын талқылау,бекіту. Ағниязова Шынар Ағниязқызы.
  1. №9 жалпы орта білім беретін мектеп бойынша қамқоршылық кеңестің қызметі туралы.                                              Әлеуметтік педагог  Ғизатқызы Мөлдір
  1. 5. Сұрақ-жауап

 

                                                                              Тыңдалды:

Мектеп директоры Ш.Ағниязова сөз алды.  Ата-аналармен амандасып, сөзін жалғастырды. Жиналысқа ата-аналар қоғамдық кеңес төрағасының қатысуымен және 1-11 сынып оқушыларының осы мектептің барлық ата-аналары республикалық жалпы ата-аналар жиналысына қатысып отыр. Мектепке келіп жиналысқа қатысып отырғандарыңызға алғыс айта отырып, жұмысымызды жалғастырайық!

Мектеп директоры Ш.Ағниязова : «Республика бойынша барлық орта білім беру ұйымдарында 2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 17.30-да жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтіп жатқаны туралы хабарлаймын. Осы аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға, мектеп жарғысына сай мектеп формасын қатаң сақтауға, мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнатып ,ата-аналарды мектепке тарту болып табылады.

 

 

Сұрақ:

Қозыбағарова Клара: Осы мектепте балам оқиды. Бәріміз де балалар үшін өмір сүріп жатырмыз. Олардың тәрбиесіне тек мектеп қана жауапты емес. Сол үшін осындай жиналыстардың көп өтіп тұрғанын қалаймын. Балаларымызды дұрыс адам етіп тәрбиелеп, қоғамға дені түзу адам етіп жіберу үшін мектеп пен ата-ана байланысы мықты болуы керек.

Қосбармақова Маншук: Баламыздың жетістіктерін көріп қуанып отырмыз. Барлығы да баланың болашағы үшін, жасалып отырған мүмкіндік деп ойлаймын.

 

3ші мәселе бойынша мектеп директоры Ағниязова Шынар Ағниязқызы:

 «Қазақстан  Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылдың 14қаңтардағы  «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрық

Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына  қойылатын  талаптарды бекіту туралы» бұйрығы), міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындап, талқылау,бекіту.

Білім беру ұйымында белгіленген киім формасын қатаң сақтауға міндетті:

Ұлдардың мектеп формасы:

Қою көк түсті шалбар, классикалық үлгіде еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұру керек, қою көк түсті жакет, қою көк түсті мектеп логотипі бар галстук, ақ түсті көйлек.

Қыздардың мектеп формасы:

Ұзындығы тізеден (6см) төмен, тізеден (6см)жоғары,  қою көк түсті юбка, қою көк түсті жакет, қою көк түсті мектеп логотипі бар галстук, ақ түсті кофта,ақ бантик.

Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.ҚР Білім және Ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес , мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Сұрақ: Мектеп формасының бірыңғай болғанын қалаймын. Келісемін. Балдарымызға талапқа сай мектеп формасын кигізіп отырмыз. Барлығыңыздан соны сұраймын.

Жауап:  Ереже бойынша мұндай талаптар барлық мектептерде сақталады. Осы мәселелерге қатысты оқушылар және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Бұл мектепте хиджаб киюге үзілді-кесілді тыйым салынатынын білдіреді деген сөз. Сынып жетекшілер оқушылардың оқу формасын үнемі қадағалап отырады.

Осы мәселе бойынша :Атырау облысы Білім беру  басқармасының былтырғы  Атырау облысы  мектептері  білім алушылардың  бірыңғай  мектеп  формасының   үлгісін  анықтау  конкурсын  қорытындылау  туралы  қазылар  алқасының  отырысы өтті.Жиналыс  барысында ҚР Білім және  ғылым  министрінің  2016 жылығы  14  қаңтардағы  №26 «орта  білім  беру  ұйымдары  үшін  міндетті  мектеп  формасына  қойылатын  талаптарды  бекіту  туралы» бұйрығымен  бекітілген  мектеп  формасына  қойылған  талаптары  басшылыққа  алды.Жиналыстың  шешімімен  Атырау  облысы бойынша барлық  білім беру  ұйымдарына  мектеп формасы  ұсылынып жатыр.Назарларыңызды экранға  аударсаңыздар. Жиналыстың  қаулысы негізінде  ,осы үлгіден  ауытқымай   №9 жалпы  орта  білім беретін  мектептің формасын ұсынамыз.  2016-2017  оқу жылында бекітілген  мектеп формасы  Атырау  облысы білім беру  басқармасының  ұсынып отырған  үлгісіне  дәлме –дәл,тұспа-тұс  болып  отыр.Сол  себепті, өзгертудің  қажеті жоқ -деп ойлаймын. № 9 жалпы орта білім беретін мектепте бірыңғай форма қыз балалар ақ бантик, ақ кофта, қою көк түсті юбка, ұл балалар ақ көйлек, қою көк түсті шалбар киеді.Балалар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйрену  керек. Яғни, ақ шағаладай күні бойы аппақ болып жүруі, баланы тазалық пен имандылыққа, жан-жағындағы адамдарға сүйкімді көрінуге тәрбиелейді.Форма бұл бір жағынан оқушының мектеп өміріндегі ең қызықты сәттері.Бірыңғай мектеп форма, ақ фартук, ақ бантик бір-бірімен  үйлесім тауып тұрады.ҚР Білім және Ғылым министрлігі шығарған мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуға болатындығы көрсетілген.

Келесі мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ғизатқызы Мөлдір:

2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44 – бабының                          9 – тармағына сәйкес қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары ұйымдастырылып, бекітілді.

Қамқоршылық кеңес құрамы:                                                                                                                 

1.Қуатова Айсәуле – кеңес төағасы, 2.Сыдықов Смадияр – кеңес мүшесі, 3.Камзаева Лаззат – кеңес мүшесі, 4.Омаров Қайрат –кеңес мүшесі, 5.Дусупова Жанар – кеңес мүшесі 6.Искакова Айнұр – кеңес мүшесі  7.Ишанғалиева Жанар – кеңес мүшесі, 8.Кабдрахманова Даметкен – кеңес мүшесі, 9.Карманова Қамажай – кеңес мүшесі.                                       

Қамқоршылық кеңес құрамы сайлау тәртібіне сай құрылды. Қамқоршылық кеңес құрамымен тоқсанына бір рет отырыс өткізіледі. Жұмыс жоспарында мектептің әлеуметтік мәртебеге ие оқушылары, оларға ыстық тамақтың берілуі, қайырымдылық акцияларды өткізу ұйымдастырылған. Қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіліп, қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде  ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына аударылады. Жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

Жалпыұлттық ата – аналар жиналысының шешімі:

  1. Мектеп әкімшілігі ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етсін. 2019-2020 оқу жылына «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы  «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрық талқыланып, бекітілсін.                                                   
  2. Мектеп ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейту, бірлікті нығайту мақсатында жасалған келісім шарт ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілсін.
  3. Бұйрыққа сәйкес ата-аналар мектеп формасы туралы мәселелерді талқылап, бірауыздан мектеп формасының түсі қою көк түс (қыз балалар үшін және  ер балалар үшін)  мектеп әкімшілігі мен қоғамдық кеңес айқындайдап,  ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітілсін.                               Және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізіп, оны кез келген сауда желісінен сатып алуға ұсыныс берілсін
  4. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға қатаң түрде тыйым салынсын.

Жиналыс төрайымы:                  Ш.Ағниязова

Хатшы:                                           А.Беккулиева